АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ "ОЛЖАБАЙ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ОЛЖАБАЙ БАТЫРА" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Steppe Games» – қазақ тілін үйренудегі жаңа ойын

03.03.2026

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мемлекеттік тілді оқытудағы цифрлық технологиялардың мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында компьютерлік мобильдік «Steppe Games» және «Steppe Rider» ойындарын әзірледі.

Екі ойынның сюжеттері мен интерактивті тапсырмалары А1-В1 деңгейлері аралығындағы қазақ тілінің лексика-грамматикалық минимумына негізделген. Тіл үйренуші ойындар арқылы сөздік қорын молайтып, сөйлеу дағдысын жетілдіре алады. 

«Steppe Games» – қазақ тілін үйренудегі жаңа формат

Steppe Games қазақ тілін үйретеді және мәдени дәстүрлермен таныстырады.

Ойын білім беру мазмұнын заманауи ойын механикаларымен үйлестіріп, оқу үдерісін қызықты саяхатқа айналдырады. Осы инновациялық тәсілдің арқасында балалар қазақ тілі мен мәдениетін оңай әрі табиғи түрде меңгереді.

Ойынның ерекшелігін айқындайтын басты қырлары – тарих пен этнография, мәдени ортаға терең бойлау, ұлттық ойындар және географиялық таным.

Сонымен қатар диалогтар, сюжеттік желілер мен кейіпкерлер қазақ тілін жеңіл әрі қызықты үйренуге мүмкіндік береді.

Steppe Games 6 жастан асқан, тілді меңгеру деңгейі әртүрлі балаларға арналған.

Қосымша Google Play және Apple App Store платформаларында қолжетімді.

https://play.google.com/store/apps/details?id=com.SteppeGame

https://apps.apple.com/us/app/steppe-games/id6739248475

Ойын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің тапсырысы бойынша «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы тарапынан әзірленген.

 

 

 

Просмотров: 684


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст