АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ "ОЛЖАБАЙ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ОЛЖАБАЙ БАТЫРА" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Олжабай батыр ауылының қысқы демалыс кезіндегі жоспар бойынша есебі

Жоспар бойынша 30 желтоқсан барлық сыныптарда қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздіктер мен пиротехникалық  құрылғыларды қалай пайдалану керектігі бойынша сынып сағаттар жүргізілді. Сонымен қатар қашықтықтан ата-аналармен жиналыстар өтілді. Қауіпсіздік негіздері бойынша нұсқаулықтармен таныстырды, ата-ана, оқушылар танысқаны туралы қолдарын қойды.

31.12.2020 жыл Жоспар бойынша «Креативті жаңа жылдық безендіру» фото- челлендж болды. Оқушылар жаңа жылға қарсы өз үйлерінде шырша безендіру жұмыстарын жүргізді. Әр баланың қиялына қарай безендірді. Бір оқушылар картоннан, ағаштан, түрлі ыдыстар мен заттардан шырша жасап, оны безендірді.

  04.01.21 күні Бастауыш сынытар бойынша «Жаңа жылдық математикалық ойындар» болды. Оқушылар әртүрлі қызықты математикалық есептерді шығарып, кейіпкерлерге ұқсатты.

Орта буын мен жоғары сыныптар «Интернетсіз әлем» тақырыбы бойынша өздеріне «Интернетсіз бір күн» белгілеп сүйікті істерімен айналысып, қыздар аналарына көмекші болса, ұлдар даладағы шаруашылық жұмыстарға қолғабыс етті.

 06.01.21 күнгі тақырып «Пайдалы әдеттер» челленджі бұл оқушылар өздері отбасыларында қандай пайдалы іспен шұғылданады. Ата-анасына, отбасына қандай пайда тигіземін деген ұранмен жұмыстар жүргізді.

Үй шаруасына көмектессе, бәреуі ас үйде болды, енді бірі кітап оқып, өзінің сүйікті ісімен айналысты.      

07.01.2021 күні «Книгомания» тақырыбы бойынша оқушылар өздері оқыған шығармалардың кейіпкерлерінің сурет салып, топтарда талқылады. Ұнаған кейіпкерлерді таңдап, жақсы мен жаман жақтарын талқылады, өздерінің пікірлерімен бөлісті.

08.01.2021 күні Спорттағы жетістіктер. Оқушылар үйіндегі аға-әпке, ағаларымен шашки, тоғызқұмалақ, бесасық ойындарын ойнап, шеберліктерін сынады. Сайыстың әділ өтуіне ата-аналары әділқазы болған.

     09.01.2021 күні «Кино күні» болды, бастауыш, орта буын, жоғары сынып оқушыары өздеріне ұнаған Отандық, ресейлік, шетелдік мультипликациялық фильмдерді көріп өз пікірлерімен бөлісті. Жоғары сынып оқушылар топта талқылап, пікірлерін білдірді.

 10.01.21 жыл Отбасылық фотосуреттер байқауы «Сәлем, 2021 жыл!» Жаңа жылды қалай қарсы алды. Өзінің әсерлерімен бөлісті.

Жаңартылған күні: 18.01.2021 11:51
Құрылған күні: 18.01.2021 11:51

Текст