2025-2026 оқу жылының 1 жартыжылдығында
«Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ –нде мектепішілік бақылауды жүзеге асыру бойынша
Мектепішілік бақылау – талдау және мақсат қою функцияларымен тікелей байланысты маңызды басқару функцияларының бірі. Білім беру процесін ұйымдастыруда мектеп қызметінің барлық бағыттары бойынша мектепішілік бақылауды сапалы жоспарлау мен жүзеге асыру арқылы нәтижеге жетуге болады. Бақылауға және жақсартуға байланысты басқарушылық міндеттерді іске асыру үшін "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізуге міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы" ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сәйкес мектепішілік бақылау жоспары құрылып бекітілді.
Мектепішілік бақылаудың (МІБ) мақсаты: мектептегі педагогикалық процестің қызмет етуі мен дамуының мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес келуіне қол жеткізу, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, білім алу мүмкіндіктерін, денсаулық жағдайын ескере отырып, білім беру процесін одан әрі жетілдіру.
Мектепішілік бақылаудың міндеттері:
Бақылау түрлері:
Мектепішілік бақылаудың маңызды қызметі мұғалімге педагогикалық шеберліктің өсуіне ықпал ететін әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Сондықтан бақылауды жоспарлау және жүзеге асыру ғана емес, белгілі бір проблемалар туындағанда оны шешу маңызды. Мектепішілік бақылау 6 бағыт бойынша жүзеге асырылды.
Нормативтік құжаттардың орындалуын бақылау барысында ҚР заңының нормативті- құқықтық құжаттары орындалуын, білім беру саласындағы заңнамаларды сақтау барысы, тәрбие жүйесінде басшылыққа алынатын заңнамаларды орындауы қадағаланды.
Білім беру процесін ұйымдастыру кезінде білім беру ұйымы "Білім туралы"," Педагог мәртебесі туралы "Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алады және оқу процесін мынадай нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асырады:
Оқу жылының басында қауіпсіздік техникасы бойынша мектеп қызметкерлеріне, оқушыларға кіріспе нұсқаулық беру бойынша пән мұғалімдерінің кабинет және сабақтағы техника қауіпсіздік жүргізу журналын тексерілді. Барлық журналдар тігілген және нөмірленген. Оқушылардың нұсқаулықпен танысқандығы туралы қолтаңбалары қойылған.
Мектепішілік құжаттардың жүргізілуін бақылау:
Мектептің құжаттарын жүргізу бекітілген номенклатура негізінде жүргізіледі. Бекітілген номенклатураға сәйкес құжаттардың жағдайын бақылау мақсатымен мектептің бекітілген номенклатурасы негізінде кітапханашы, іс- жүргізуші, тәрбие ісі орынбасары, шаруашылық жөніндегі орынбасары және медициналық қызметкердің құжаттары тексерілді. Барлық құжаттар істер номенклатурасы негізінде нөмірленіп жүргізіледі. Осы номенклатура негізінде жүргізілетін құжаттар жоспар бойынша бақыланып отырды. Оның ішінде оқушылардың іс- қағаздарын жүргізу, оқушылардың қозғалысын реттеру бойынша келген және кеткен оқушылардың құжаттары, алфавиттік кітап, оқушылардың үлгерімін тіркеу бойынша журнал, негізгі орта және жалпы орта білім беру аттестаттарын беру журналы, оқушыларды мадақтау бойынша мадақтамаларды тіркеу журналы жүргізіледі. Мұғалімдердің күнтізбелік- тақырыптық жоспарларының бекітілген пәндік бағдарлама негізінде жасалуы тамыз айында бақыланды. Пән бойынша курс, факультатив, үйірме және секция жоспарлары тамыз және қаңтар айларында тексеріліп бекітілді. Мұғалімдердің күнделікті сабақ жоспарлары тексеріліп, ұсыныстар беріліп отырды.
Құжаттарды жүргізуге электронды журналды жүргізу де жатады. Оның ішінде күнтізбелік тақырыптық жоспарды уақытылы енгізу, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша баллдарды уақытылы толтыру қатаң бақылауда болады. Электронды журналды толтыру бойынша мониторинг күнде, апта және ай сайын жүргізілді. Электронды журналды жүргізуді бақылау бойынша журнал бар, журнал тігілген және нөмірленген.
Сондай- ақ оқушылардың пәндер бойынша дәптер жүргізулері талаптарға сай болуы бақыланды. Пәндер бойынша дәптер жүргізу талабы №1 педагогикалық кеңесте бекітілді. Сол талап бойынша барлық оқушылардың пән бойынша дәптерлерінің нормаға сай болуы бақыланды. Дәптерді тексеру мұғалімдердің сабақта әр түрлі жұмыс түрлерін қолданатынын, үй тапсырмасының көлемі мен мөлшері сәйкес келетінін көрсетті. оқушылардың нормасы мен жасына сәйкес келеді. Дәптерлерді тексеру барысында мынадай кемшіліктер анықталды: кейбір оқушылар абайсызда жазып алады және қателермен жұмыс жасамау, үй тапсырмасын орындау, сабақта жазбаларды толық жазбау. Мұғалімдердің үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстарды жеткіліксіз орындауы байқалды.
|
№ |
Бағалау өлшем шарттары |
Жүргізілген жұмыс бойынша ақпарат |
|
1 |
Нормативтік – құқықтық құжаттар |
Педагогикалық кеңестерде, әдістемелік кеңестер мен бірлестіктерде нормативтік - құқықтық құжаттармен танысу жөнінде отырыстар өткізу, күнделікті жұмыста қолдану жұмыстары жүргізіледі. |
|
2 |
Пән, үйірме, курс және факультатив сабақтар бойынша күнтізбелік- тақырыптық жоспарды құру және бекіту жұмыстары өтеді. |
|
|
3 |
Оқушылардың жеке іс- қағардарының 6.04.2020 жылғы №130 бұйрық негізінде рәсімделуі бойынша тексеру жұмысын жүргізу. |
|
|
4 |
Нормативтік – құқықтық құжаттар |
Мұғалімдердің күнделікті сабақ жоспарының жүргізілуі бойынша тексеру және әдістемелік көмек көрсету жұмыстары күнде өтеді. |
|
5 |
Электронды журнал |
Bilimclass электронды журналының талаптарға сай жүргізілуі бойынша отырстарда талқылау, әдістемелік көмек көрсету. Жұма сайын толтыру мониторингін жүргізу. |
|
6 |
Алфавиттік кітаптың жүргізілуі |
Алфавиттік кітапқа оқушылардың барлығы енгізілген, жаңадан келген оқушылар алфавит реті бойынша кітапқа енгізіледі. |
|
7 |
Кіріс – шығыс құжаттары |
Кіріс және шығыс құжаттарын тіркейтін журнал бар, барлық құжаттар осы журналға тіркеледі. |
|
8 |
Оқушылардың пәндер бойынша дәптерлерінің жағдайы |
Пәндер бойынша дәптерлерді жүргізу талаптары бар. Оқушылардың дәптерлерінің жүргізілуімен рәсімделуі мұғалімдердің назарында. МІБ жоспарына сәйкес ай сайын пәндер бойынша дәптерлер тексеріліп, тексеріс нәтижесі бойынша анықтама жасалады. |
|
9 |
ТЖБ құжаттарының жүргізілуі |
Бөлім және тоқсан бойынша жиынтық бақылау жұмыстары әзірленіп, ӘБ талқыланып, мектеп директорымен бекітіледі. Бекітілген кесте бойынша жүргізіледі. БЖБ, ТЖТ жұмыстары 1 жыл сақталады. БЖБ және ТЖБ талдаулары ҚР БҒМ 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы бойынша жасалады. |
|
10 |
«Жалпы оқыту» бағдарламасын жүзеге асыру |
Аумақтағы балаларды мектептің тізіміне енгізу. Оқушыларды тізімдеу |
|
11 |
Жалпы оқытуды орындау |
Аумақтағы барлық балалардың білім алуын қамтамасыз ету; Отбасының әлеуметтік жағдайын бақылау бойынша сынып жетекшілердің жұмысын бақылау. |
|
12 |
Еңбекпен қамту |
9,11 сынып түлектерінің жұмыспен қамтылуын қадағалау және ұйымдастыру |
Баланың сапалы білім алуын бақылауда ең алдымен жалпы оқытуды бақылауды ұйымдастыру болды. Оның негізінде 6 жасқа толған оқушылардың барлығын мектепте оқытуды ұйымдастыру жүргізілді. Мектеп оқушыларының тізімі жасалды. Отбасының әлеуметтік жағдайын бақылау бойынша сынып жетекшілер жұмыстар жүргізді. «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. 9,11 сынып түлектерінің еңбекпен қамтылуы бақылауда болды. Арнайы орта және жоғары оқу орындарына оқуға түскен оқушылардың анықтамалары жинақталды. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсетілді. Олар тегін ыстық тамақпен қамтылу тізіміне енгізілді. Кесте бойынша оқушыларды жылдық дәрігерлік тексеруден өткізілді. Жүргізілген тексеріс бойынша қорытынды есептер мен анықтамалар жасалды.
Жалпы сыныптық бақылау- бір сыныптың оқу үрдісінің жағдайын бақылау. Осы бақылау негізінде сыныптың сабақтарда белсенділігі, өзара қарым- қатынас оқушы – мұғалім - ата - ана- мектеп, даму деңгейі бақыланды. Ағымдағы оқу жылында жалпы -сыныптық бақылау 1, 5, 10 сыныптарда, мектепке, сыныпқа бейімделу кезеңінің өтуін бақылау, 4,8,7 сыныптарда білім алушылардың білім, білік, дағдыларын зерттеу мақсатында, 9,11 сыныптарда қорыныды аттестацияға дайындықты зерттеу мақсатында жүргізілді.
Жалпы - сыныптық бақылау барысында сыныптардың сабақтарына қатысып оқушылардың ынтасы, белсенділігі, сабақты жүргізу сапасы анықталды, білім деңгейін анықтауда бақылау жұмыстары алынды. Бақылау нәтижелері бейімдеу процесін 1, 5, 10 сынып оқушыларының мектепке оң динамикасын көрсетті. 1,5 сынып оқушыларының бейімделу кезеңінің қысқарғанын көрсетті.
Жалпы – сыныптық бақылау барысында 9, 11 сынып оқушыларының негізгі пәндер бойынша деңгейі тексерілді 9, 11 сыныптарда деңгейді анықтау мақсатында білім алушылардың тәрбие, білім беру дайындығы, қалыптасуын ынталандыру, сынып ұжымының қалыптасуы, проблемаларды анықтау жолдары мен түзету, қорытынды аяқтау емтиханға дайындық деңгейі бақыланды.
Пәндерді оқыту сапасын бақылау.
2025-2026 оқу жылының 1 жартыжылдығында 1-11 сыныптарда пәндерді оқыту сапасын бақылау мақсатында әкімшіліктің мұғалімдердің сабақтарына қатысу, әкімшілік бақылау жұмыстарын алу, мектепішілік семинарлар ұйымдастыру, озат тәжірибені тарату жұмыстарын ұйымдастыруды бақылау жүрді. Пәндерді оқытудың жай-күйін бақылау үшін сабаққа қатысу жоспары жыл басында бекітілген және мектептің ресми сайтында жарияланған.
http://sc0007.ereymentau.aqmoedu.kz/content/plan-posescheniya-urokov-direktora-shkoly http://sc0007.ereymentau.aqmoedu.kz/public/files/2025/9/10/100925_123730_sabakka-katysu-ghospary.pdf
Сабақтарға қатысу барысында:
Әр сабаққа қатысу бойынша қатысу парағы толтырылады және сабақтан соң әр мұғалімге ұсыныстар беріледі.
Қатысқан сабақтар көрсетті:
Қатысқан сабақтарды талдау бірқатар проблемаларды анықтады :
Сапалы білім беруді ұйымдастыруда пәндер онкүндігінің, мектепішілік семинарладың ұйымдастырылуы бақыланды. Әр семинар мен онкүндіктерде ашық сабақтар, түрлі сайыстар өткізілді. Барлық іс- шаралар бойынша қорытындылар мектептің әлеуметтік желілерінде жарияланды.
Оқушыға сапалы білім беруді ұйымдастырудың бірден – бір жолы жас мамандардың тәлімгермен жұмысын ұйымдастыру. Тәлімгерлер жас мамандармен іс-тәжірибемен бөлісу жұмыстарын жүргізді. Оның ішінде дөңгелек үстелдер ұйымдастыруда әдістемелік кеңес жүргізу болды.
|
№ |
Бағалау өлшемдері |
Ақпарат |
|
1 |
Оқу-тәрбие процесі |
-Баланың сапалы білім алуын бақылауда ең алдымен жалпы оқытуды бақылауды ұйымдастыру болды. Оның негізінде 6 жасқа толған оқушылардың барлығын мектепте оқытуды ұйымдастыру жүргізілді. Мектеп оқушыларының тізімі жасалды. Отбасының әлеуметтік жағдайын бақылау бойынша сынып жетекшілер жұмыстар жүргізді. Мектепке қабылдау, келген және кеткен оқушылардың құжаттарын бақылау жүргізілді. «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды. - 9,11 сынып түлектерінің еңбекпен қамтылуы бақылауда болды. Арнайы орта және жоғары оқу орындарына оқуға түскен оқушылардың анықтамалары жинақталды. - Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсетілді. Олар тегін ыстық тамақпен қамтылу тізіміне енгізілді. Кесте бойынша оқушыларды жылдық дәрігерлік тексеруден өткізілді. Жүргізілген тексеріс бойынша қорытынды есептер мен анықтамалар жасалды. - ҚР ДСМ 5.08.2021 ж. № ЖЖМ -76 бұйрығымен бекітілген "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын ұстана отырып сабақ кестесі құрылған. |
|
2 |
Пәндерді оқыту сапасын бақылау. |
1-11 сыныптарда пәндерді оқыту сапасын бақылау мақсатында сабаққа қатысу, әкімшілік бақылау жұмыстарын алу, мектепішілік семинарлар ұйымдастыру, озат тәжірибені тарату жұмыстарын ұйымдастыруды бақылау жүрді. Пәндерді оқытудың жай-күйін бақылау үшін сабаққа қатысу жоспары жыл басында бекітілген болатын. Әр сабаққа қатысу бойынша қатысу парағы толтырылады және сабақтан соң әр мұғалімге ұсыныстар беріледі. Сапалы білім беруді ұйымдастыруда пәндер онкүндігінің, мектепішілік семинарладың ұйымдастырылуы бақыланды. Әр семинар мен онкүндіктерде ашық сабақтар, түрлі сайыстар өткізілді. Ай сайыс МІБ жоспарына сәйкес пәндер онкүндігі өткізіліп тұрады. Пәндер арасындағы сабақтастық, сабақ өткізу сапасы, білім беру сапасы алдыңғы орынға қойылады. Барлық іс- шаралар бойынша қорытындылар мектептің әлеуметтік желілерінде жарияланды. Білім сапасын артыру үшін 7 сыныптардағы жанадан енген пәндерді оқыту сапасы бақыланды. 4,8,9,11 сыныптарда және тоқсан бойынша төмен пайыз көрсеткен пәндер бойынша сыныптарда әкімшілік бақылау жұмыстары жүргізілді. Бастауыш және 5,6 сынып оқушыларының оқу жылдамдығы бақыланды. Пәндер бойынша дарынды оқушыларға қолдау көрсету жұмыстары көрсетілуде. Пән бойынша және спорттық сайыстарға оқушылар жиі қатысады. Мектепішілік және аудандық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. - Тоқсан қорытындысы бойынша сыныптар, пәндер бойынша білім сапасының мониторингі жүргізілді. Мектептің педагогикалық кеңесінде, ӘБ,ӘК-де пәндер бойынша білім сапасын көтеру мәселелерін қарау жүргізілді. |
|
3 |
Қосымша білім беруді ұйымдастыру |
Үйірме, клубтар, секциялар, вариативті компонент сабақтары бойынша жылдық жоспар құрылып бекітілген. Сабақтарды өткізу бойынша сабақ кестесі құрылған. Вариативті компонент сабақтары электронды журналдың ҚББ бөліміне енгізілген. Жартыжылдық бойынша сынақ жұмысы жүргізілген. |
|
4 |
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен жұмыс |
Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың тізімін нақтылау жүргізілді. Оларға білім беру бағдарламалары және оқуту барысы белгіленді. Мұғалімдерге ұсыныстар берілді. |
|
5 |
1, 5, 10- сынып оқушыларын бейімдеу үрдісі |
Ағымдағы оқу жылында жалпы -сыныптық бақылау 1, 5, 10 сыныптарда, мектепке, сыныпқа бейімделу кезеңінің өтуін бақылау Жалпы - сыныптық бақылау барысында сыныптардың сабақтарына қатысып оқушылардың ынтасы, белсенділігі, сабақты жүргізу сапасы анықталды, білім деңгейін анықтауда бақылау жұмыстары алынды. Бақылау нәтижелері бейімдеу процесін 1, 5, 10 сынып оқушыларының мектепке оң динамикасын көрсетті. 1,5 сынып оқушыларының бейімделу кезеңінің қысқарғанын көрсетті. Мектеп психологінің жұмысы бойынша оқушылармен сауалнамалар, тренингтер өткізеді. Әр оқушыға қолдау көрсетеді. |
|
6 |
Сыртқы бағалау критерийлері бойынша білім беру нәтижелерінің деңгейі |
Сыртқы бағалау жүргізуге дайындық бойынша жоспар құрылған. Сабақтарға қатысу барысында оқушылардың сауаттылық деңгейін дамыту жұмыстары қаралды. Қосымша сабақтар ұйымдастырылды. 4,9 сыныптарда әкімшілік бақылау жұмыстары жүргізілді. |
|
7 |
«Өмір қауіпсіздік негіздері» міндетті оқу курсымен танысу; «Жол қауіпсіздігі ережелері» міндетті курсын жүзеге асыру. |
Дүниетану, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәндері бойынша КТЖ-ға «Өмір қауіпсіздік негіздері» тақырыптарының енгізілуін бақылау жүргізілді. Сыныптың тәрбие жұмысы жоспарына «Жол қауіпсіздігі ережелері» тақырыптарының енгізілуі тексерілді. барлық сағат сандары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына сай келеді. Электронды журналға «Өмір қауіпсіздік негіздері», «Жол қауіпсіздігі ережелері» тақырыптары енгізілген. |
|
№ |
Бағалау өлшем шарттары |
Ақпарат |
|
1 |
Білімдегі олқылықтардың орнын толтыру жұмыс жоспарының құрылуы, білімдегі олқылықтарды жоюға бағдарланған тапсырмалардың ҚМЖ- да көрініс табуы. |
Білімдегі олқылықтардың орнын толтыру жұмыс жоспары өткен оқу жылының қорытындысы бойынша құрылды. Төмен пайыз көрсеткен пәндердің сабақтарына қатысу жүргізілді. Сабаққа қатысу барысында ҚМЖ бақылауға алынды. ҚМЖ құруда пән бойынша олқылықтарды түзету жоспарлануы қаралды. Оқу жылының алдыңғы аптасында диагностикалық бақылау жұмыстары өткізілген. Қашықтан оқу кезінде туындаған олқылықтарды анықтау, талдау бойынша дөңгелек үстел өтті. |
|
2 |
Әр пән бойынша білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың негізгі көрсеткіштері |
Тоқсан және жылдық қорытынды бойынша 2024-2025 оқу жылы мен 2025-2025 оқу жылының тоқсандық салыстыру мониторингі құрылды. Мониторинг пәндер және сыныптар бойынша жасалды. Төмен көрсеткіш көрсеткен сыныптар мен пәндердің сабақтарын бақылау, тестілеу өткізу, тренингтер жүргізу, пән мұғалімдері мен сыныптарға көмек көрсету жұмыстары жүргізілді. |
|
3 |
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстарды ұйымдастыру деңгейі |
Жеке пәндер бойынша оқу жетістіктерінің диагностикасы жүргізілді. Сабақтарға қатысу барысында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстар бақыланды. Сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуы тексерілді. |
|
4 |
Олқылықтарды толтыру бойынша мұғалімдер жұмысы |
2025-2026 оқу жылының нәтижесі бойынша құрылған олқылықтарды жою жоспарлары бақыланды. |
|
5 |
Білім алушылардың сабаққа қатысуы |
Сынып жетекшілер күн сайын оқушылардың сабаққа қатысу бақылау дәптерлеріне белгілейді. Оқушының сабаққа қатыспау себебін анықтап белгілейді. Өз бетінше оқуға арналған материалдар әзірлеу,интербелсенді платформалардың көмегімен білім тексеруге арналған тесттер құрастыру. |
|
№ |
Бағалау өлшем шарттары |
Ақпарат |
|
1 |
Оқушылардың ғылыми жобаларға, байқауларға, олимпиадаларға қатысуы |
Оқушылардың мектепішілік, аудандық және облыстық байқаулар мен олимпиадаларға қатысуы бойынша мониториг жүргізілді. Жеңімпаздарды марапаттау және қолдау жұмыстары жүргізіледі. Әртүрлі деңгейдегі қатысушылардың байқаулардан алған әсерімен бөлісу үшін тақырыптық кездесулер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. |
|
2 |
Педагогтердің ғылыми зерттеушілік қызметі |
Мұғалімдердің кәсіби сайыстар мен байқауларға қатысуы бойынша мониторинг құрылды. Облыстық және республикалық деңгейде оқушы дайындаған мұғалімдердің тәжірибелерімен бөлісу мақсатында дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды. Зияткерлік конкурстар мен олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған педагогтар үшін көтермелеу жүйесі жүргізілді. Әдістемелік кеңес отырыстарында оқу-зерттеу қызметінің тиімділігін қарастырылды. |
|
3 |
Дарынды және білімге құштар балалар базасы; |
Талантты және ынталы балалардың базасы жаңартылды. Оқушылардың пән және бағыт бойынша дарындылығы анықтау жүргізілді. Дарынды оқушыларды қолдау үшін түрлі сайыстар, дебаттар және ойындар ұйымдастырылды. |
|
4 |
Оқушылардың ғылыми қоғамдастығының жұмысы |
Мектептің ОҒҚ құру туралы бұйрық және жылдық жоспары құрылып бекітілген. ОҒҚ мүшелерінің тізімі және жетекшілері бекітілген. Оқу жылына зеттеу тақырыптары бөлінген. Оқу жылының қорытындысы бойынша мониторинг жүргізілді. |
V. Мұғалімнің шеберлік және әдістемелік дайындық жағдайының деңгейін бақылау
Білімдегі олқылықтарды толтыру үшін педагогикалық ұжымның жұмысын бақылау жүргізілді. Мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің барлығының арнайы педагогикалық білімі бар. Барлық мұғалімдер жоспарға сәйкес өз біліктілік деңгейлерін уақытылы көтеріп, бекітеді. Мектептің барлық мұғалімдері біліктілікті арттырудың перспективалық жоспарына сәйкес біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оқу жылының басында әр мұғаліммен «Оқу -әдістемелік қамтамасыз етудің болуы, оқу жоспарларын білу, білім беру стандартының талаптары» тақырыбында сұхбат жүргізілді, күнтізбелік және тақырыптық жоспарлау әдістемелік бірлестік отырыстарында бекітілді. Жұмыс жоспарына сәйкес кіріс және аралық бақылау, қорытынды бақылау бойынша бақылау жұмысының кестелері құрастырылды. Оқу жоспарын әдістемелік қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді: мазмұны, сабақтастығы талданды. Әдістемелік көмек көрсету мақсатында мұғалімдермен жүйелі түрде әңгімелесу жүргізіледі. Сонымен қатар облыс, ауданның әдістемелік қызметі аясында мұғалімдер семинарларға, дөңгелек үстелдерге, шеберлік сабақтарына қатысуда.
|
№ |
Бағалау өлшемдері |
Ақпарат |
|
1 |
Педагогикалық кадрлармен жасақталуы |
Мұғалімдердің диплом бойынша сәйкестігі бақыланды. Әр мұғалімнің еңбек өтілі, біліктілік санаты, курстан өту бойынша тізім тексерілді. Әр мұғалімнің медициналық тесеруден өтуі және соттылығы бойынша анықтамалар бақыланды. Ваканттық сағаттарды жүргізетін мұғалімдердің диплом бойынша немесе дайындық курстарынан өтуі бойынша ақпарат қадағаланды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына сәйкес бос орындарға конкурс өткізу барысына бақылау жүргізілді. |
|
2 |
Педагогтердің әдістемелік дайындық деңгейі |
Мектепте оқыту семинарларын ұйымдастыру немесе педагогтерді оқыту семинарларына жіберу, оқыту платформаларын таңдау, әдістемелік жұмыстың жекелеген аспектілерін зерделеу бойынша корпоративтік бағдарламаларды іздеу жұмыстарын бақылау. Жас педагогтарды қолдау үшін іс-шаралар ұйымдастыру жұмыстарын, педагогтардың тәжірибесін трансляциялау үшін іс-шараларды жоспарлауды, педагог стандартының талаптарын орындау мониторингін жүргізу жұмыстары тексерілді. Педагогикалық рефлексияны жетілдіру бойынша тренингтер ұйымдастырылды. Мұғалімнің кәсіби өсуі үшін түрлі бірлестіктердің жұмысын ұйымдастырылды: әдістемелік бірлестіктер, шығармашылық топтар құрылды. |
|
3 |
Шығармашылық топтарының жұмысы |
Шығармашылық топ құжаттары мен жұмысы бақыланды. Шығармашылық топ мүшелерінің мұғалімдермен бірлескен жұмысы, зерттеу проблемалармен жұмыс барысы бақыланды. |
|
4 |
Жас мамандармен жұмыс |
Жас мамандармен жұмыс барысы бақыланды. Жас педагогтарды қолдау үшін ұйымдастырылған іс-шаралар бақыланды. Педагогтардың тәжірибесін трансляциялау үшін іс-шаралар жоспары қадағаланды. Жұмыс нәтижесі бойынша мониторинг жүргізілді. |
VІ. Тәрбие үрдісінің процесін, өткізілген іс –шаралардың сапасын бақылау
Мектептегі үйірме, секция жұмыстарын бақылау нәтижесі:
Мектепте 8 үйірме , 6 сеция бар.
Үйірмелер
Секциялар
Үйірмелер мен секцияларға күндер белгіліеніп, жауапты тұлғалар бекітілді. қушылардың өз білімін жетілдірудің негізгі формасы – үйірме. Оқушылардың өзі қызығатын саласында практикалық жұмыспен айналысатын бірлестік. Егер үйірменің жұмысы қоғамдық пайдалы тапсырмаларды орындаумен, қоршап тұрған өмірмен, өндіріспен байланысты болса нәтижелі болады.
Үйірме арнаулы бағдарлама негізінде бірнеше жарты жылға жасалатын жоспар бойынша жұмыс істейді. Ол үйірме жетекшісінің мектептің мүмкіндіктері мен қажеттіктерін оқушылардың жеке ерекшеліктерін талаптары мен ынталары әзірлік дәрежелерін т.б. ескеріп, нақтылы жұмыс жасауды жеңілдететін бағыт болып табылады. Әрбір үлгі бағдарлама танымдық және теориялық мәліметтердің белгілі түрлерін көздейді.
Секция Мақсаты: 1. оқушыларға , ата-аналарға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрену; 2. ой - өрістерін, сана, сезімдерінің, тілдерін, шығармашылықтарын дамыту; 3. адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Міне балалар, біз денсаулық туралы тегін әңгімелеп отырған жоқпыз, бүгінде денсаулығымызды қалай сақтаймыз, не нәрселерден аулақ болуымыз керек, сол жөнінде ой өрбітеміз. Біздің халқымыз «Деннің саулығы –бастың байлығы» - деп тегін айтпаған. халқымыздың денсаулығына өз жолдауында үлкен мән беріп, азаматтардың денсаулығына, қоршаған ортаның таза болуына күш салу қажеттілігін атап айтқан. Ендеше, денсаулықты сақтау өз қолымызда. Денсаулықты сақтау –ең әуелі тазалықты сақтаудан басталады екен. Біздің дінімізде де денсаулығымызды сақтау жолдары туралы айтылады екен.
Мектепте денешынықтыру бөлімі бойынша алты секция үйірмесі жұмыс істейді. Жоспарлық тақырыптқа сай, үйірмелер апта сайын жұмыстарын жалғастыруда.
Әр сағатта міндетті түрде ғ ой-сананы дамытып, содан кейін, дене қимылдарына көшеді. Мақсаты ойын барысында,шапшаң ойлауға көмегін береді. Миды ояту мақсатында «Түсіп қалған әріптер».
Санитарлық гигиеналық талаптарды сақтау мониторингі
Мектепте қызметкерлер мен білім алушылардың санитарлық гигиеналық талаптарына ерекше көңіл бөлінуде. Таңғы уақытта мектепке қабылдау кезінде барлық оқушы мен мектеп қызметкерлерінің температурасы өлшеніп, білім алуға, жұмысын жалғастыруға рұқсат беріледі. Сонымен қатар әр оқу сыныптарының ауасын зарарсыздандыру (кварцтау) және тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады.
Оқушылардың санына қарай ауысым мен жұмыс режимі алдын ала анықталып, қашықтықты сақтай отырып, оқу процесі ұйымдастырылу үстінде.
Қоңырауларда, сабақтарды мектеп медбикесі оқушыларды тексеріп, әркез бақылауда ұстайды. Білім алушыларға санитарлық норманы қалай сақтау керектігі туралы, сынып жетекшілер сынып сағатында толық ескерту жұмыстарын жүргізіледі. Масканы дұрыс қолдану, антисептикті дұрыс пайдалану, ауыз суды үйден алып келу сияқты ережелерді үнемі орындауда, мониторинг жүргізілуде.
2022-2023 оқу жылына жоспарлап құрылып, бекітілді. Сынып жетекшілер сыныптарға бекітіліп, тәрбие жоспарының тұжырымдамасына сәйкес жоспарлар құрылып, бекітілді. Қыркүйек айының басында сынып жетекшілерімен бірге сыныптағы оқушылардың әлеуметтік паспортын әзірлеп, әртүрлі категориялар анықталды. Мектеп бойынша 264 оқушы, оның ішінде көп балалы отбасынан 114 оқушы, аз қамтылған яғни жалпы оқыту қорынан көмек алған 16 оқушы. Туыстарының үйінде сенімхаат арқылы тұрып, оқып жатқан 12 оқушы бар.
01 тамыз – 30 қыркүйек аралығында жүргізілген «Мектепке жол» акциясы өтті
Акция аясында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы өткізілді.
Биылғы жылы акция әлеуметтік бағыттағы «Менің таңдауым – балаларға көмек көрсету!» атты ұранмен өтті.
Тамыз айының басынан бастап, тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасындағы балаларды анықтау бойынша сынып жетекшілер (карантиннің талабын сақтай отырып) рейд өткізілді. Рейд барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар анықталды.
Жаны жомарт, Ауыл тұрғындары Оразов Аерікті түрде өз көмектерін көрсетіп, көмекке мұқтаж отбасылардвң балаларына мейлінше көмек қолын созды. Сонымен қатар аудан бойын «Ақжол» партиясының атына 5 сөмке мен кеңсе тауарлары бірге берілді. «Көп түкірсе ,көл демекші» анықталған отбасылардың баларына барынша көмектер көрсетілді.
Балалардың тамыз есебі алынып, деректер негізінде жоспар құрылды. Мүмкіндігінше қол ұшын беріп, көмектескен адамдар да табылды. Мектепте де ұстаздар тарапынанда қолдау көрсетіп, материалдық жағынан төмен отбасыларының баларына кеңсе тауарларымен көмектесті.
Сонымен қатар сынып жетекшілерде өз сыныбындағы оқушылардың жағдайларымен танысып, мүмкіндігінше өз көмегін берді.
Ата-аналармен бірлесе отырып жұмыс істеп ,оқушылардың құжаттарын реттеп жалпы оқыту қорынан көмек алуға мүмкіндік туды. Жалпы оқыту қорынан 22 оқушыға мектеп формасын, спорттық киімдер, сөмке және дәптерлер таратылып берілді. Балалардың оқуына мүмкіндік жасалды. Болашақта да жомартжандар өз қол ұшын беретінін, әркез байланыста болатындарын жеткізді.
Қауіпсіз орта қалыптастыру мақсанда ай сайын бейне камералардың жұмысын бақылау жүргізіледі. Мектепте 15 камера орнатылған. Бейнебақылау жүйесі жарамды, жазу жұмыс режимінде жүргізіледі, ақаулар жоқ, жұмыс күйінде, зақымдану жоқ.
Тексеру нәтижелерінің негізінде комиссия: күніне 1 рет бейнебақылау жүйесін қадағалап, ақауы жоқтығын тексеріп, қадағаланып отыруды шешті.
Мектепішілік бақылауды талдау нәтижесі бойынша ұсыныс:
1. Әдістемелік бірлестіктерге жұмысты ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастыру;
2. Пәнаралық байланысты нығайту жұмыстарын жүргізу;
3. Сабақты ұйымдастыру формалары мен әдістерін жетілдіруге көңіл бөлу;
4. Мұғалімдердің өзара сабаққа қатысуын жетілдіру.