АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША  БІЛІМ БӨЛІМІ "ОЛЖАБАЙ БАТЫР АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ШКОЛА СЕЛА ОЛЖАБАЙ БАТЫРА" ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО ЕРЕЙМЕНТАУСКОМУ РАЙОНУ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хаттама №4 (кезектен тыс)

Хаттама № 4 кезектен тыс

 

Қамқоршылық кеңестің отырысы

«Олжабай батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

Өткізілген уақыты:             2.11.2022

Өткізілген орны:                  Мектеп

Отырыстың басталуы:      16.00

Отырыстың аяқталуы:     17.00

Отырыстың төрайымы:    Утегенова Зейнегуль

Қатысқандар:                      Мектеп директоры – Назарбекова С.А.,мектептің тәрбие ісі жөнінде директордың орынбасары Серғазы Ж.

Есентаева С.(Әкімшілік), ИП «Камышев»Жотаева З., Умурзакова Г.(медбике), ИП «Еркін» Амангелді Г., ИП «Утегенов» Утегенова З.,К/Х «Гея»Евфименко М., К/Х «ТАС-С» Тайганов Т., К/Х «Береке» Унайбеков Е.

Қатыспағандар:                  -

Шақырылғандар:              Мектеп директоры- Назарбкова С.А.

                                               Тәрбие ісі орынбасары – Серғазы Жадыра

                                               

Күн тәртібі:

  1. Мектептің 1-4 сынып оқушыларының буфеттік тамақпен қамтылуы.

 

Тыңдалды: 1- ші сұрақ

Сөйледі:Серғазы Ж.-тәрбие ісі жөнінде директордың орынбасары.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бойынша биылғы оқу жылында мектебімізде ыстық тамақпен 15 оқушы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар 1- сыныптың 28 оқушысы мемлекеттік қаражат есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылған. Оқушылардың негізгі құрамы әлеуметтік жан басына шаққандағы табысы күн көріс деңгейінен төмен, мүмкіндігі шектеулі, мүгедек, қолайсыз отбасы, жетім оқушыларды құрайтындығың айтты. Сонымен қатар ыстық тамақтың сапалық құрамын тексеретін бракераждық, мониторингтік комиссия жұмыс жасайды, айына бір рет тексеріс жасайды және бір балаға арналған тамақтын құны-750 теңгені құрайды. Асханада мектеп мұғалімдері мен әкімшілік кезекшілік кестесі бекітіліп, сол бойынша кезекшілік жұмыс жасайды.

Сөйледі: Тайганов Т.

Ас адамның арқауы демекші, балалардың ыстық тамақпен қамтылуы туралы үнемі қозғалады. Үлкен қалаларда, атап айтсақ біз білетін Астанада 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған. Әрине бұның бәрі қаражатқа байланысты. Бірақ мүмкін ауыл ішінде жаңашыр азаматтар болса, қаражат жағынан көмектессе, 2-3 сынып оқушыларын жалпылай тегін тамақпен қамтамасыз етсек жақсы болар еді.

Сөйледі: Назарбекова С.А.- мектеп директоры

Биылға оқу жылына бастауыш сыныптарда- 122 оқушы білім алуда. Соның 27 оқушысы мемлкеттен тегін ыстық тамақпен қамтылған. 2-3 сыныптарда- 95 оқушы білім алуда. Қазан айында ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен мектепке 580 мың теңге тұратын музыкалық аппаратура сыйлыққа тарту етілді. Мектепте өтетін іс- шараларда аппаратураның жоқтығынан қиналған едік.

Сөйледі: Утегенова З.

Біздің міндет ауыл ішіндегі немесе бұрыңғы түлектер арасынан жеке кәсіппен айналысып жүрген азаматтармен кездесіп, жағдайды түсіндіріп көмек сұрау. Буфеттік тамаққа орташа есеппен 120-150 деген баға қойылса, 95 оқушыға айына 45600-57000 теңге ақша жұмсалады екен.

Сөйледі: Есентаева С.Т.

Әкімшіліктен тізімді қарап шығу қажет. Сол азаматтармен кездесуді ұйымдастырайық. 

Шешім:

1.Бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету мақсатында демеушілер іздеу кеңес мүшелеріне жүктелсін.

2.Оқушылардың ыстық тамақпен сапалы қамтамасыз етілуі қадағалансын.

 

Төрайымы Утегенова З.

Жаңартылған күні: 29.03.2023 11:04
Құрылған күні: 29.03.2023 11:04

Текст