20.11.2025
«Заң және Тәртіп» идеологемасын ілгерілету жөнінде және құқықбұзушылықтың алдын алу мақсаттарында «Полиция және балалар – бірге қауіпсіздік үшін» тақырыбында дәріс сабақтары өтілді. Дәрісті мүдделі мемлекеттік органдар қызметкерлері өткізді.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық білімін бекіту, заңға бағынудың және қауіпсіздіктің маңызын түсіндіру.
Болашақта заң мен ережелерді сақтап өмір сүрсек, еліміз дамып, халқының өмірі бейбіт болмақ.